Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы “Қалаулым” шоуының қатысушылары тікелей эфирде отбасын құрды (видео)

Ел арасында екіжақты пікір қалыптастырып, талай дау-дамайға себеп болған атышулы “Қалаулым” бағдарламасында бүгін той! 67 жастағы Сейсенбек ақсақал мен 50 жастағы Ләззат тікелей эфир барысында шаңырақ көтеріп, дүйім жұртты қуантты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгінгі тікелей эфир ерекше түрде өтті. Шаңырақ көтерген жұптың қуанышына танымал жұлдыздар ортақтасты. Олардың көшін өнерімен де, өмірімен де жастарға үлгі бола білген Жанболат пен Жазира бастады.

Сондай-ақ, танымал композитор Марат Омаров, Айжан Нұрмағамбетова, Айдар Тұрғанбек, Нұрлан Еспанов, Серікбол Сайлаубек сынды өнер иелері “Қалаулымның” төрінен орын алды.

Эфир барысында, қазақтың салт дәстүрі бойынша шаңырақ көтерген ерлі-зайыптылар бір-біріне дәм таттырды. Ал өзге қатысушылар Сейсенбек ақсақал мен Ләззат апайға ақ жол тілеп, шығарып салды. Аша Матай болса жаңа отбасының құрылуына куәлік етті.

Жіберіп алмаңыз:

Стереотипке түкіргенім бар: Жәния Джуринская тұрмысқа шығуға асықпайтынын айтты

Нұрлан Өнербаев көгілдір экраннан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді

Әнші Інжудің егіз қызы Роза Рымбаеваны ерекше өнерімен тәнті етті (фото)

Ернар Айдар: Аурухана төсегінде барлық қателерім есіме түсіп, күні бойы жыладым

 

Талқылау