Атырауда түсік тастаған 40 жастағы әйел хәл үстінде жатыр
Атырауда 40 жастағы әйел түсік жасатқан соң ессіз күйде жатыр, деп хабарлайды Қазақпарат.

Дәрігерлер науқасқа жасанды дәрі егіп ұйықтатып тастаған. Әйелдің дене қызуы көтеріліп, түсік жасатқан соң жағдайы күрт нашарлап кеткен.
«Қазіргі таңда әйел ауыр халде жатыр. Дәрі егіп, ұйықтатып тастадық. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің денсаулығын жіті қадағалап отыр. Оны сауықтырып шығару үшін барлық жағдай жасалып жатыр» делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Айта кетейік, Атырау облысындағы перинаталдық орталықта қараша айының басында жүкті әйел босана алмай қайтыс болған еді. Қазіргі таңда бұл оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Қарағанды облысында оқушы қыз ұстаздардың кесірінен мүгедек болып қалды
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген