Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Атырауда өмір бойы үйленбеген қария жұбайын қарттар үйінен тапты
Атыраудағы 4 қария өзінің өмірлік серігін қарттар үйінен тауыпты. Солардың бірі – Сергей Сердюченко. Ол Наталья Родина есімді жұбайымен биыл қарттар үйінде табысыпты.

Бұл туралы «Ақ Жайық» газетіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Сергей Сердюченко мен Наталья Родина биыл жаңа жылды алғаш рет ерлі-зайыпты ретінде бірге қарсы алмақ. Қарияның сөзінше, ол өмір бойы үйленбеген екен. Соңғы уақыттарда тұратын жері болмағандықтан, қарттар үйіне келіпті.
«Бұған дейін достарымның таныстарымның үйлерін паналадым. Жасым үлкейген соң күзде қарттар үйіне барайын деп шештім. Мұнда Натальядай сұлуға жолықтым. Ол да кетәрі болмады. Алғаш рет отбасылық өмірді кешіп жатырмын. Бұйырса, 65-інші жаңа жылымды жұбайыммен бірге қарсы аламын», – дейді Сергей Николаевич
Қарттар үйінің басшысы Қилымқас Күзембаеваның сөзінше, бүгінгі таңда мекемеде 104 адам тұрып жатыр. Олардың ең кәрісі 102 жаста екен.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"