Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Республика күнінде Атыраудағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Болат Ақшолақов, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтеріліп, гимн шырқалған соң облыс әкімі сөз сөйлеп, жұртшылыққа мерекелік тілегін айтты.

“Республика күні — мемлекеттігіміздің тарихындағы маңызды күн. Бүгін біз өткенімізді қорытындылап, болашақтағы міндеттерімізді айқындаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекетті нығайтуға бағытталған реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Елдің ертеңі үшін ортақ жауапкершілік, бірлік пен келісім — біздің алдағы дамуымыздың негізі. Баршаңызға мықты денсаулық, әрбір отбасыға амандық, елімізге бейбітшілік тілеймін. Қазақстанымыз өркендей берсін!” — деді Болат Ақшолақов.

"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"