Атыс қарулары мен оқ-дәрілер пайдаланған: Алматы мен Шымкентте жастардан құралған қылмыстық топ ұсталды
Шымкент полиция департаментінің жедел уәкілдері Шымкент және Алматы қалаларының аумағында жастардан құралған қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Polisia.kz
Шымкент полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, оларға қатысты көңіл көтеру мекемелеріне ықпал ету бойынша қаруды қолдана отырып, қылмыстық әрекеттер жасағаны туралы жайттар тіркелген.
"Полицияға 14 адам жеткізілді. Тінту шараларының нәтижесінде атыс қарулары мен оқ-дәрілер тәркіленді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 18-20 жас аралығындағы жастар тобын ұстағанын жаздық. Олар жергілікті колледждің кәмелетке толмаған студенттерін қорқытып, ақша бопсалаған. Күдіктілер өзгелерді қорқыту және өздерінің басымдығын көрсету үшін зорлық-зомбылық әрекеттерін бейнежазбаға түсірген. Бопсалау және бұзақылық деректері бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды.