Атыраулықтар облыстың басты туын "жоғалтып алды"
1 қаңтарда Атырау қаласының тұрғындары облыстың басты туы жоғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қала тұрғындары тусыз тутұғырдың фотосуретін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге жібере бастады. Жергілікті тұрғындар қатты желдің салдарынан байрақ құлап, ұшып кетуі мүмкін деп болжады.

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Қанат Әзмұхановтың айтуынша, әкімдік қатты жел мен дауылдың салдарынан мемлекеттік туды тутұғырдан алып тастау туралы шешім қабылдаған.
"Мемлекеттік рәміз жоғары құрметті талап етеді. Оны алып тастауға қаладағы ауа райының қолайсыздығы себеп болды", - деді Қанат Әзмұханов.
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін молаға апарып ұрып-соқты деп айыпталды
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан
Әр велосипедтің құны 1,3 миллион теңгеден асады: Астана әкімдігі мұны не үшін алғанын түсіндірді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр
