Атырауда "хатико ит" айдалаға тастап кеткен иесін бір апта күтті
Атырауда алабай тұқымды ит өзін тастап кеткен иесін бір апта күткен. Оны қала тұрғыны құтқарып қалды, деп жазады Мой город.

Атырау тұрғыны Виктория ит жайлы әлеуметтік желіде естіп, жапан далаға іздеп барады. Ас-сусыз бір апта болған иттің әбден әлі құрып, үруге шамасы жетпей қалған.
"Жақын жерде дүкен бар екен. Бірақ ешкім итті тамақтандырмаған. Мұны иесі әдейі айдалаға тастап кеткенге ұсқайды. Итті ақша үшін асырап, күшіктерін сатумен айланысқан болуы керек. Кейін керек қылмай далаға апарып тастаған", - деді Виктория.

Ол алабайды мамандарға тексертіп, тамақтандырды.
"Итті күшік туу үшін пайдаланған. Қансырап әбден ауыр халге жеткен. УДТ-ға түсіріп, емдеу керек. Оның бәрін жасаған соң жаңа иесін табу үшін еріктілерге берем", - деді қайырымды жан.
"Оңай" картасының ресейлік "Золотая корона" жүйесімен қандай байланысы бар: Алматы әкімдігі түсініктеме берді
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды