Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы мұнайшылар көтерілісі: Бірнеше жұмысшы жарақат алды

«Тенгизшевройл» компаниясы Атырауда жұмысшылардың көтеріліске шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Атыраудағы көтеріліс

«Тенгизде» болған жағдайға қатысты 29 маусым күні үшінші ұрпақ зауытының құрылыс алаңында жұмысшылар арасында тұлға аралық келіспеушілік болды. Осы келіспеушілік салдарынан туындаған көтеріліс барысында CCEP ұйымының бірнеше қызметкері жарақат алды. Дәл қазір компаниямыз аталған жағдайды ретке келтіру үшін жергілікті мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеп жатыр», - деді компания баспасөз қызметіндегілер. 

Сондай-ақ, "Тенгизшейройлдағы" жағдайға байланысты Энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетовтың бүгін кешке Атырауға ұшып шығатыны белгілі болды. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Атырауда мұнайшылардың көтеріліске шыққаны туралы хабарлаған едік. Аталған көтеріліс шетелдік азаматтың қазақ қызымен бірге түскен суретін WhatsApp желісіне қоюмен байланысты туындаған. 
 

Талқылау