Атыраудағы қара түтін шашып жүрген ұшақ туралы жергілікті әуежай басшысы айтып берді
Атырау қаласында ұшақтан шыққан белгісіз қара түтін видеоға түсіп қалған. Желілерде тез тараған видео оқырмандардың қызу талқысына түсті. Осыған байланысты жергілікті әуежай өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әлеуметтік желілерде Атырау әуежайынан әуе кемесінің ұшқан видеосы тарап кетті. Онда ұшақтың артында қара түтін іздерінің қалай созылып қалғаны көрінген. Кеше түстен кейін әуежайдан АН-12 жүк ұшағы ұшып кетті. Ұшу режимінде қоспа артығымен болып кетіп, әдеттегідей артығы төгілген. Бұл қалыпты жағдай. Кеңестік өндірістің барлық дерлік ұшақтары осындай әсер береді. Ұшақ биіктікке жеткеннен кейін жұмыс номиналды режимге ауысады, қара түтін жоғалады. Сондықтан алаңдауға себеп жоқ", - деді жергілікті әуежайдың инженерлік-авиациялық қызметінің бастығы Андрей Ким.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”