Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы балабақшада тәрбиеші бүлдіршіннің шашынан сүйреген

Атырауда бүлдіршіннің шашынан сүйреген тәрбиешіге қатысты қызметтік тексеріс басталды. Әлеуметтік желіде тараған видеода, тәрбиешінің кішкентай қыз баланы шашынан сүйрей жөнелгені анық көрінеді. Бүлдіршінің құлағанына да мән бермейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға наурыздың 29-ы күні Жылыой ауданы Жаңа Қаратон ауылындағы "Балдырған" балабақшасында орын алған. Тәрбиешінің жұмысына күмәнмен қараған ата-ана топтағы бейнебақылау камерасы жазылған таспаны қарауды өтінген. 21 жастағы келіншектің мектепке дейінгі мекемеге тәрбиеші болып орналасқанына жылдан асыпты.

"Әлеуметтік желіге жарияланған видеоның әрбір минутын, әрбір секунтын қарап жатырмыз. Қазір біз тәрбиешінің тарапынан да, балабақша меңгерушісінің уақытша қызметі лауазымындағы адамнан да, әдіскерлер, жалпы барлық қызметкерлер тарапынан жеке-жеке түсініктеме алып жатырмыз", - деді Атырау облысы Жылыой аудандық білім бөлімінің бастығы Гүлжансара Таңатарова.



"Әлеуметтік желіде тараған бенежазбадағы оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің 140-бабы, яғни кәмілетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді  орындамауы бойынша  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Талқылау