Атырауда жол апатынан 5 адам қаза тапты
28 қаңтар күні Атырау облысында бес адам жол апатынан қаза тапты. Оның екеуі кәмелеттік жасқа толмағандар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап.

Жол апаты 28 қаңтар күні сағат 16:00 шамаларында Доссор-Құлсары Бейнеу тас жолында болған. Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше Өзбекстанда тіркелген MAN жүк көлігі мен Алматы облысының тұрғынына тиесілі Toyota Camry көлігі соқтығысқан.
“Жол-көлік оқиғасы салдарынан ішінде 2-і кәмелеттік жасқа толмағандар болған Toyota Camry көлігіндегі 5 жолаушы оқиға орынында қаза тапты. Қазір апатқа байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деді полиция.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"