Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүк көлігі жолда кетіп бара жатып, кенеттен аударылып кеткен (видео)

Алматыда тас жолда келе жатқан жүк көлігі кенеттен аударылып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен. Жол-көлік оқиғасы 26 қаңтар күні түсте Әл-Фараби даңғылында болған.

Ауыр көлік шығыс бағытта келе жатқан. "Қазақфильм" киностудиясының аумағында жүк көлігі кенет секіре бастаған, артынша дөңгелектері шығып, бір бағытқа қисайып кеткен. Мұның бәрі сол кезде ауыр жүк көлігінің қасында келе жатқан басқа жүргізушілердің көзінше болды.

Кейін әлеуметтік желілерде апаттан кейінгі кадрлар пайда болды. Суреттерге қарағанда, жүк көлігі басқа көліктерді де, жаяу жүргіншілерге де зарар келтірмеген.

Полицияның мәліметінше, жол апаты сағат 13.00 шамасында болған.

"Жүк көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, оң жағына аударылып қалды. Оқиға салдарынан жүргізуші зардап шекті, оны дәрігерлер оқиға орнында тексерді. Материалды Бостандық ауданының полициясы өңдеуде", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талқылау