Атырауда жетінші қабаттағы балконның шетінде жүрген қыз жұртты шошытты
Атырауда балконның шетінде жалғыз тұрған қыз жұртты шошытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақжайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше баланың видеосын жергілікті тұрғын жолдаған. Ал төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның Нұрсая шағынауданында болғанын хабарлады. Кейін жетінші қабаттың балконында жүрген қызды әпкесі пәтерге кіргізген.
Полиция департаментінің өкілдері қазір қыздың ата-анасына хаттама толтырылып жатқанын мәлімдеді. Қосымша ақпарат тексерістен кейін жария етіледі.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?