Атырауда жеке үйлердің маңынан мұнай қалдығы табылды
Атырауда жеке үйлердің маңынан мұнайға ұқсас қалдық табылды. Қоршаған ортаны бүлдіргендерді іздеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұнайға ұқсас қалдықты жергілікті тұрғындар көріп, дабыл қаққан. Атырау облыстық Экология департаментінің мамандары да қалдық мұнайға тиесілі болу мүмкін екендігін айтады.
“Жер телімдерінің ластанып жатқаны анықталды. Қалдық ең жақын орналасқан ғимарат - Қызылбалық елді мекенінің бұрынғы жылыту орталығы. Полиция басқармасы мен әкімдікке хат жолданды”, - деп жауап берді облыстық Экология департаментінің баспасөз қызметі.

Атырауда мұнай қалдықтарының табылып, қоршаған ортаға зиян келтіруі таңғаларлық жағдай емес. Өткен жылы 50 шаршы метрге жайылған мұнай қалдықтары табылған болатын. Жақын жерде мұнай компаниясы барлау жұмыстарын жүргізіп жатырғаны белгілі болды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"