Атырауда газ жарылып, 5 адам зардап шекті
Атырауда тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. Жарылыс кезінде 5 адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, оқиға 2 қаңтар күні болған.
“Жергілікті уақытпен сағат 11:10-да Атырау қаласының Көкарна ауылында тұрғын үйден түтін шығып жатқаны туралы қоңырау түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келген кезде үйде газ-ауа қоспасының дүмпуі болғаны анықталды. Жарылыс салдарынан тұрғын үйдің 9 шаршы метр қабырғасы құлап, 140 шаршы метр аумағы жанып кетті”, – делінген хабарламада.
Тілсіз жау сағат 12:03-те оқшауланып, 12:22 шамасында түгелдей сөндірілді. Өрт салдарынан 5 адамды күйік шалып, ауруханаға жатқызылды.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 16 қызметкері мен 3 бірлік техника жұмылдырылған.
Айта кетейік, бұған дейін Бейрутте жойқын жарылыс болған еді.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар