Атырауда тендер ұтып алған кәсіпкерден 7 миллион теңге бопсалағандар ұсталды
Атырауда тендер ұтып алған кәсіпкерді бопсалап, ақшасын иемденіп алғысы келген екі күдікті азамат ұстлды. Олар кәсіпкерден жалпы соммасы жеті миллион теңге бопсалаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Арнайы операцияны Атырау облысы полиция департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен жүргізді. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Мақат ауданында кәсіпкерден 2,5 миллион теңге қаражатты қорқытып алу дерегі анықталған.
35 және 34 жастағы екі күдікті жәбірленушіден 1 миллион теңге алу барысында ұсталып, қамауға алынды.
Іс-құжаттарына сәйкес аталған күдіктілерге осы кәсіпкерден 2023 жылғы қазан айынан бері бопсалау арқылы жалпы сомасы 4,5 миллион теңгені заңсыз иемдегені үшін де күдік келтірілуде.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"