Атырауда шетел азаматы “интимдік суреттерін таратамын” деп қыздардан ақша бопсалаған
Атырауда шетелдік азамат қыздарды "интимдік суреттеріңді жариялаймын" деп бопсалаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атырау полициясына Атырау қаласының тұрғынынан бопсалау дерегі бойынша арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша, 34 жастағы Өзбекстан азаматы интимдік жазбаларды таратамын деп қорқытып, одан ақша бопсалаған.
Әйел бұдан кейін ер адамның үстінен арыз жазып, қылмыстық іс қозғалды.
"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел іс-шараларының нәтижесінде Атырауда бопсалаумен айналысқан азамат ұсталды. Ол Өзбекстанның 34 жастағы азаматы болып шықты. Полиция Қылмыстық кодекстің 194-бабы "Бопсалау" бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екені атап өтілді", – делінген полицияның хабарламасында.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”