Атырауда саябақта 7 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлап мерт болды
Атырауда Жеңіс саябағында 7 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлады. Алған жарақаттары салдарынан ол ауруханада көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аtpress порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Аtpress
Апат қатты жел тұрып, нөсер жауып жатқанда болды. Ұлы отан соғысы ардагерлеріне орнатылған ескерткіштердің бірі желдің екпініне төтеп бере алмай, саябақта серуендеп жүрген балдырғанға құлаған.
Қыз алған жарақаттарынан облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Полиция бұл факті бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған