Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда рейс жолаушысын бетперде тақпағаны үшін ұшақтан түсіріп тастады

"Qazaq Air" АҚ әуекомпаниясының өкілдері "Атырау-Ақтау" бағытындағы ұшаққа отырғызу кезінде тәртіп бұзған жолаушыны анықтаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенеттігі. 

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әуекомпания өкілдері бұл туралы Атырау қаласында әуежайындағы желілік полиция бөлімшесіне хабарлаған.

Көліктегі полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қалижан Қобландиннің айтуынша, тексеріс кезінде полицейлер командир мен экипаж мүшелерінің айтқанын орындамай, бетперде тағудан бас тарту арқылы карантин ережесін бұзған 60 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын анықтады.

"Сараптама барысында азаматтың ішімдік ішкені анықталды. Тәртіпке бағынбаған жолаушыны ұшақтан түсіріп тастады. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК- нің 440-бабының 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) және ҚР ӘҚБтК-нің 566-бабы (ұшақта өзін-өзі ұстау ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 8 АЕК (22 224 теңге) көлемінде айыппұл салынды", - деді Қалижан Қобландин.

Сондай-ақ, тәртіп бұзған жолаушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырыды. Хаттама Атырау бөлімшелік көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

Талқылау