Атырауда күйеуінің айтқанын тыңдап көліктен секірген әйел қайтыс болды
Атырау облысында кешкі уақытта Атырау-Индер тас жолында адам өліміне әкеп соққан үлкен апат болды.
52 жастағы әйел апат салдарынан қайтыс болды, деп жазады "Ақ Жайық" ақпараттық порталы.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, көлік жүргізуші әйелімен бірге "Газель" көлігін басқарған. Осы кезде салонда түтін пайда бола бастады.
Әйелін аман алып қалу үшін ер адам оған "көліктен секір" деген. Әйел күйеуінің кеңесіне құлақ асып, секіріп кетті, бірақ өз көлігі дөңгелегінің астына түсіп қайтыс болды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”