Атырауда қыста суға батып кеткен балықшының мәйіті табылды
Жайық өзенінде сүңгуірлер қыс кезінде суға кеткен 49 жастағы балықшының мәйітін тапты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

5 қаңтарда Атырау маңындағы Жұмыскер ауылында балық аулау кезінде екі ер адам суға құлап кеткен. Құтқарушылар балықшылардың бірін құтқарып үлгергенімен, екінші балықшыны судан шығару мүмкін болмаған.
Іздеу жұмыстары бір айға созылған, бірақ ауа райына байланысты сүңгуірлер іздеуді тоқтатыпты. Күн жылынған соң 16 наурызда мәйітті іздеу әрі қарай жалғасты. Бұл үшін 5 құтқарушы жұмылдырылды.
Ер адамның денесі тек 22 наурызда ғана табылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда