Атырауда келесі айдан бастап картоп бағасы төмендейді
Атырау облысында картоп бағасы шілде айында тұрақтайды. Бұл туралы өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзіне сенсек, келесі айға дейін жергілікті шаруалар өнімін жинап үлгереді. Әзірге атыраулық саудагерлер картопты елдің оңтүстік өңірлерінен және көрші Ресейден сатып алып жүр.
Айта кеткен жөн, мұнайлы өлкеде азық-түлік құны республика бойынша ең жоғарғы орында тұр. Осыған байланысты жуырда көпбалалы аналар көшеге шығып, наразылығын білдірген.
Әкімнің айтуынша, қазір аймақта картоп келісін 310 теңгеге сатып жатыр. Алайда өңірдегі тілшілердің ақпаратына сүйенсек, Атыраудағы баға саясаты әлі тұрақталамады. Өйткені супермаркеттерде картоп келісі 400 теңге.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол сараптама жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы жатыр обырының асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ