Атырауда екі ер адам шұңқырға тірідей көміліп қалды
Атырауда қала маңындағы "Жұлдыз" шағын ауданында қайғылы оқиға 18 маусымда орын алған. Трактор үйдің алдынан ор қазып жатқанда су құбыры істен шыққан. Оны 32 және 22 жастағы екі көрші жөндемек болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олар төмен түсіп, құбырды жөндей бастағанда, жер опырылып түсіп, оларды басып қалған.
Олардың мәйіттері ордан шығарылды. Бірер күн бұрын екі отбасында жерлеу рәсімдері өтті.
“Маусымның 18-і күні "Жұлдыз" шағын ауданында үйдің жанынан шұңқыр қазу кезінде су құбыры істен шығып, екі ер адам жер астында қалып, қаза тапты. Тергеу жүріп жатыр”, – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді