Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Демеушілік қаржыдан қағылдық": Атырауда зағиптар бас көтерді

"Қазақ соқырлар қоғамының" Атыраудағы филиалына жаңа басшы келгелі, көмек алуды ұмыттық деген ашулы топ тіпті қайтадан басшы сайлауды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап. 

Зағиптардың жалғыз талабы – ашықтық. Олар түрлі ірі кәсіпорындардан келетін демеушілік қаржы аз ғана топтың мүддесі үшін жұмсалып отырғанын айтады. Өздерін тек жыл сайынғы жарнаның жинап алуға келгенде ғана пайдаланатындарға наразы.

“Дәрі-дәрмегімізге қаржылай көмек сұраймын, жағдайымызды айтып, бірақ ақша жоқ. Қашан сенің үйің өртенеді, қашан сенің үйіңнен адам өледі сонда ғана беріледі. Мүгектерді отырғызамын, анда апарам, мында апарам деп алады. Оның ішінде , қайсысын не істеп не қойып жатқанын. Ол алған ақшадан біз қайыр көріп жатқан жоқпыз”, – дейді Алтынай Абдирова. 

Наразылықтарын ашық айтқан топ, қоғам мүшелерін қайтадан жинап, жаңадан басшы сайлауды талап етті.

“Дұрыс басшы керек. Бұл спортпен айналысады. Өзінің айналысындағы адамдармен спортпен айналысып, анда барып, мында барып жүргенімен, ешқандай қоғамда төрағалық міндетін атқармайды. Тек қана 10-15 спортсмен жігіттерді емес, біздің де жағдайымызды білу керек”, – дейді I топ көз мүгедегі Эльвира Ерғалиева. 

Филиал басшысы зағип жандардың зарын тыңдауға келген жоқ. Туысы дүниеден озғанын айтып, тілшілерге телефонмен түсінік берді. Оның айтуынша, айтылған уәж – қып-қызыл жала.

“Көмектескен споносорлардың, сәйкесінше, олар көмектерін алып отыр. Оны дәлелдейтін ведомство барлығы бар. Барлығына бірдей жеткілікті беріледі деп айта алмаймын, бізге қалай көмек келеді, 250 адамның барлығын бірдей қамту мүмкін емес” деді “Қазақ соқырлар қоғамы” ҚБ Атырау облыстық филиалының төрғасы Аманқос Әбдешов. 

Филиал басшысы соңғы кездері кәсіпорындардан демеушілік азайғанын айтады. Оған қоса соқырлар қоғамының басты талабы – ақша үлестіру емес, мүмкіндігі шектеулі жандарды ортаға қосу деді. Айта кетейік, қоғамның 500-ден астам мүшесі бар, олардың 250-ге жуығы қалада тұрады. Наразы топ қаражаттың кімге, қалай бөлініп жатқандығын ашық айтпаса, құзырлы орындарға арыз жазбақшы.

Талқылау