Атырауда бұзақылар бар дәретханасында ер адамды аяусыз ұрып кеткен
Фото: Желі кадрларынан
Атырауда түнгі барлардың бірінде бұзақылардың ер адамды аяусыз ұрған сәттің видеосы желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 18 қаңтарда Атырау облысы "Зиллон" түнгі барында болған. Куәгерлердің айтуынша, жанжал дәретханада басталған. Екі ер адам бір адамға шабуыл жасаған. Олардың бірі ерекше қатыгездікпен соққы берген.
Зардап шеккен адамның қазіргі жағдайы әзірге белгісіз. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен әзірге пікір білдірмеді.
Атырау облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. Сол күні 102 пультіне төбелес туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері барған. Қылмыс жасады деген күдікпен 32 және 33 жастағы екі ер адам ұсталды.
Аталған дерек бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген