Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жүрегі тоқтап қалған": Атырауда бассейнде көз жұмған 10 жастағы қыздың өліміне қатысты тың деректер пайда болды

Атыраудағы "Мұнайшы" бассейніндегі 10 жастағы қыздың өліміне қатысты тың деректер пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Сот-медициналық сараптама 10 жастағы оқушы қыздың бассейнде шомылу кезінде өліміне не себеп болғанын анықтады.

"Мұнайшы" орталық жүзу бассейні жанындағы су спорты клубы директорының орынбасары Ернұр Қойлиевтің айтуынша, спорт кешенінде құтқарушылар болғанымен, олар үлкендермен келген балаларды қадағаламаған. Сол күні марқұм екі кәмелет жасқа толған туысымен келген. Кішкентай қыздың туысы суға түсуге кеткенде, ол қараусыз қалып, жүзу үшін пайдаланатын тақтайдан айырылып қалған.


Батыс Қазақстанда үш қыз Жайық өзеніне батып кетті


"Осы кезде әпкесі екіншісіне алаңдап, қызды қадағалауды ұмытып кеткен, ол құтқаруға келген 10 секунд өтіп кеткен. Ол қызды судан өз бетімен алып шыққан. Бірақ олар қызға жасанды тыныс алуды жасай алмапты. Оның жақ сүйегі қатып қалып, манипуляция жасауға мүмкіндік бермеген. Жедел жәрдем жеткенше қыз көз жұмды", – деді Қойлиев.

Сот-медициналық сараптамада қыздың өкпесінде су табылмағаны, оның өліміне жүрегінің тоқтап қалуы себеп болғаны анықталды.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда 10 жастағы қыздың бассейнге батып кеткені туралы жазған едік. 

Талқылау