Атырауда 17 жастағы жасөспірімнің өзіне қол жұмсамақ болған сәті видеоға түсіп қалды (видео)
Атырауда 17 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсамақ болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скрин
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. 17 жастағы жасөспірім Атыраудағы Берғалиев көшесінің бойындағы көпірден секіріп кетпек болған.
Куәгерлердің айтуынша, жасөспірімді байқаған полицейлер дереу оқиға орнына жеткен. Полиция қызметкерлері жасөспіріммен сөйлесіп, райынан қайтарған.
-
Қазақстанда оқушылардың өз-өзіне қол жұмсауы: Қоғам белсендісі TikTok-ты бұғаттау қажет екенін мәлімдеді
“Жасөспірім қауіпсіз жерге шығарылып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір жедел-тергеу тобы жасөспірімнің бұл әрекетке баруының себептерін жан-жақты тексеріп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысындағы бір ауылда екі жасөспірім өзіне қол жұмсағаны туралы жазған едік.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"