Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаевқа алаяқтық ісі бойынша үкім шықты
Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаевқа жерге байланысты жасалған заңсыз операциялар бойынша үкім шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Атырау облысының әкімдігі
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылдан 2022 жылға дейін Оразбаев рекреациялық аймақтар (жасыл желектер, парктер, скверлер, жағажайлар) ретінде есептелетін жер учаскелерін жеке тұрғын үй құрылысы үшін заңсыз бөліп берген.
Іске оның бағыныштылары да қатысқан. 25 желтоқсанда Оразбаевқа үкім шығарылып, экс-әкімге 3 жыл шартты жаза тағайындалды.
Еске салайық, бұған дейін Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаевтың ұсталғаны былтырғы қарашада белгілі болды. Сол кезде прокуратура алаяқтық белгілері бойынша Атырау әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды. Ол облыстық прокуратура қала аумағында жер учаскелерін заңсыз бөлу фактісі бойынша ұсталды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды