Атырау облысындағы зауытта Қытай азаматы мерт болды
Атырау облысындағы зауытта Қытай азаматы мерт болды, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 22 ақпан күні орын алған. Қарабатан ауылындағы Біріктірілген газ-химия кешенінің құрылыс аумағында 1970 жылғы қытайлық азамат мерт болған. Ол монтажшы қызметін атқарған.
Бір күн бұрын Қытай азаматы өзін нашар сезінетіндігі жайлы айтқан, кейіннен медициналық көмек алған. Дәрігерлер оның қысымының көтеріліп кеткенін айтып, кардиологтың қарауына жіберген.
Келесі күні асханаға барар жолда, есінен танып құлаған. Дәрігерлер келе салысымен оның көз жұмғанын жеткізді. Дәрігерлер ми қан айналымының бұзылуынан көз жұмғанын хабарлады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған