Атырау облысында ауыл тұрғындары Африкадағы балаларға ауызашар жасады (видео)
Атырау облысына қарасты кішкентай ауыл Мақаттың бір топ жастары Африкадағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ауызашар дастарханын ұйымдастырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Ақжайық” порталына сілтеме жасап.

Мақаттық 14 адам Африкадағы мұсылмандарға арналған ауызашармен айналысатын қорға ақша аударған. Ұйымдастыру жұмыстарын қор өз қолына алып, 60 балаға дастархан жайылған.
Ұстаз бастаған балалар алыс елден ниет білдірген қайырымды жандарға жылы лебіздерін білдіріп, алғыс айтты.
Видеода барлық балалардың ұстаз дұғасына қосылып, құлшылық етіп жатқаны көрсетілген
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда