Атырау облысында су тасқынынан жолдар жабылды
Атырау облысында су тасқынынан тас жол су астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Атырау облысында еріген қар суы жолдың бетінен асып кетті. "ҚазАвтоЖол" Атыраудан Махамбет ауылына және одан әрі Индер ауылына баратын тас жол жабық екенін мәлімдеді.
31 мамыр күні 19:00-де Атырау облысында "Махамбет ауылы-Ерғалиев ауылы" тас жолының 13-14 шақырымында судың тасуына байланысты жүк көліктердің қозғалысы шектелді.
Учаскеде жол қызметкерлері жол белгілері мен сигналдық тіректерді орнатты.
Енді "ҚазАвтоЖол" сайтындағы жедел ақпарат картасына сәйкес, көліктің барлық түрлері үшін мына жолдар жабық:
- Атырау-Орал тас жолының Атырау қаласынан Махамбет ауылына дейінгі учаскесі;
- Атырау-Орал тас жолының Махамбет ауылынан Индер ауылына дейінгі учаскесі.
- Атырау-Орал тас жолының Индерден Атырау облысының шекарасына дейін және Атырау облысының шекарасынан Орал қаласына дейінгі учаскелерінде жүк тасымалына шектеулер енгізілді.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді?
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма?
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар