Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында оқушылар үй тапсырмасын орындау үшін шатырға шығуға мәжбүр

Атырау облысындағы бірнеше ауылдың мектеп оқушылары интернеттегі мәселелерге байланысты үй тапсырмаларын жіберу үшін үйлердің төбесіне шығуға мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.

Мақат ауданының Ескене және Таскескен ауылдарының тұрғындары жаңа оқу жылы қарсаңында бұл мәселені шешу үшін ештеңе жасамаған жергілікті биліктің немқұрайлығына наразы.

"Қашықтан оқуға ауысар алдында менің екі жиенім Доссор ауылындағы М.Шарипов атындағы мектеп-интернатта оқыды. Қазір олар үйде, онлайн оқиды. Жасыратын несі бар, биыл олар жетестіріп оқымады. Басты мәселе - ұялы байланыс жоқ. Оқу жылының басынан бастап олар мектеппен байланыса алмай жатыр, тиісінше оқымайды. Бұл сұмдық! Осыдан он күн бұрын аудан әкімдігі ауылда жиналыс өткізді - олар "Қазақтелекоммен" келісе алмағандарын айтты. Жаз бойы не істеді?  Балалардың қашықтықтан оқитыны алдын-ала белгілі болды. Біз қай ғасырда өмір сүреміз, а?", - деп ашуланды Ескене ауылының тұрғыны Серік Тұрланов.



Ауыл аралап келе жатып, басылым корреспонденттері үйдің шатырында сабақ оқып отырған балаларды көрген. Тағы біреуі қолында кітап, дәптер және көрпеше ұстап, баспалдақпен көтеріліп бара жатқан. 

"Үйде мұғалімдермен байланысу үшін ұялы байланыс дұрыс ұстамайды, балалар шатырға көтерілуге мәжбүр. Онда олар бес-алты сағат отырады. Көрпені  өздерімен бірге алып жүреді. Суық келе жатыр, енді оларға суық тиіп қалуы мүмкін деп қорқамын. Біздің отбасымызда үш мектеп оқушысы бар, ал үлкені - студент. Айтпақшы, студенттердің Zoom-ға қосылуы мүмкін емес", - дейді жергілікті тұрғын Тазагүл.

Таскескенде де жағдай осындай.

"Ескене ауылында 22 оқушы, Таскескен ауылында - алты, № 441 разъезде - екеу. Осы ауылдарда ұялы байланыс жылдамдығын арттыру үшін біз бастапқыда "Қазақтелекоммен" келіскенбіз, бірақ кейін олар бас тартты, өйткені шалғай және халық аз қоныстанған пункттерде бұл тиімсіз. Бірақ қазір біз "Қазтранском" АҚ-мен келісімге келдік, Ескене ауылындағы сегіз үй интернетке қосылды. Бұл жұмыс қазан айына дейін жалғасады", - деді Мақат ауданы әкімінің орынбасары Азамат Шанғалиев.

Талқылау