Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысындағы бір отбасында 4 адам қаза болды

Атырау облысында тұрғын үйден 4 адамның, соның ішінде 1 баланың денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 наурыз күні Махамбет ауданында болған.

"Кешкі сағат 18:33-те Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру бөлімшесіне полиция бөлімінен Ақтоғай елді мекенінде Салықов көшесіндегі үйлердің бірінен 4 адамның мүрдесі табылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына барған Махамбет аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері 1974, 1991 жылы туған екі ер адам мен 1977 жылғы әйелдің, 2016 жылы өмірге келген қыздың қайтыс болғанын анықтады", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.


Ата-анасы жұмыста болған: СҚО-да тағы бір бала өрттен көз жұмды


Алдын ала болжам бойынша, қаза болғандар көмірқышқыл газына уланған. Оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат берілетін болады.

Еске салсақ, 19 ақпанда Жамбыл облысында, Жаңатас қаласында бір отбасының кәмелетке толмаған бес баласы қаза тапты. Кейін білгілі болғандай балалар сіріңкемен ойнаған көрінеді. Одан кейін Түркістан облысында анасы мен оның төрт  баласының көз жұмғаны айтылған еді.

Талқылау