Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа кірді
Атырау облысы коронавирустың таралуына байланысты "қызыл" аймаққа кірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өткен тәулікте облыста вирус жұқтырған 60 адам тіркелді. 8-14 желтоқсан аралығында 275 жұқпалы ауру анықталды, алты адам қайтыс болды.
Бұған дейін облыстың бас санитарлық дәрігері Амантай Жұмағалиев облыстың екінші толқынға дайын екенін атап өткен болатын.
"10 мекемеде коронавирусты анықтайтын зертханалар бар, онда күніне 2500-3500 адам тексеріледі", - деді ол.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 749 жаңа жағдайы тіркелді. Бұған дейін елорда "қызыл" аймаққа енген болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің 10 желтоқсандағы мәліметі бойынша, Павлодар облысы да "қызыл" аймақта болған. Бірақ 16 желтоқсанда облыс "сары" аймақтың қатарына өтті.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"