Атырау облысы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, бүгін, 10 желтоқсанда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев бес миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды.
Ұстауды Атырауға Нұр-Сұлтаннан арнайы келген Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бір топ қызметкері жүргізген. Алдын ала мәлімет бойынша, шенділер "тендерден түскен ақшаны қалталарына басқан".
Басқа мәліметтер әлі хабарланған жоқ.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”