Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысындағы департаменті өңірлік прокуратура басшылығымен бірлесіп, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қызметін тексеру аясында АМӨЗ-дің өзінің үстем жағдайын теріс пайдаланғанын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, зауыт 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмысты орындауға монополиялық жоғары баға бекіткен.
Монополияға қарсы департаменттің қорытындысы процессуалды шешім қабылдау үшін Атырау облыстық прокуратурасына жолданды.
Өңірлік прокуратура "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға қатысты Қылмыстық кодекстің 221-бабы "Монополистік қызмет" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Іс облыстық экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.
Алматыдағы танымал демалыс орнында адамдар нәжіс аралас бассейнге түскен: Мұның денсаулыққа қандай қаупі бар?
Желі қолданушысы мұндай жағдайда бассейн жұмысын уақытша тоқтатып, санитарлық өңдеу жүргізілуі керек деп есептейтінін жеткізді
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"