Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау аспанын түтін орады: Тұрғындар видеоға түсіріп алды

Каспий теңізінің жағалауындағы өрттің салдарынан Атырау түтінге оранды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Қала тұрғындары ауадан жанған нәрсенің иісін сезген, ал Атыраудың кейбір аудандарында аспан түтінге оранған. Әсіресе, Дамба ауылдық округінің тұрғындары күйік иісі мен "қара аспан" туралы шағымданған.

Қамыстың жанғаны туралы 10 қазанда белгілі болды. Жолаушылар ұшағының бортынан түсірілген видеода өртті көруге болады.

Еске сала кетейік, қыркүйек айында теңіз жағалауындағы қамыс өртенді. Өртті сөндіруге арнайы тікұшақ тартылды.

Осыған ұқсас жағдай Атырауда бір жылдан астам уақыт бұрын болған: "Ақжайық" резерватында жанған қамыстың салдарынан бүкіл қаланы түтін басып қалған еді.

 

Талқылау