Атыраудан лагерге бара жатқан бала пойызда жан тапсырды
"Атырау-Астрахань" бағытындағы пойызда лагерге бара жатқан бал көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қазақстан темір жолы” компаниясының деректеріне сүйенсек бала тәлімгерлермен бірге болған.
"7 тамызда №625 "Атырау-Астрахань" пойызында 2010 жылғы бала қайтыс болды. Ол бір топ қатарластарымен және 4 тәлімгермен бірге лагерьге бара жатқан. Балалар өз тамақтарын жеген. Пойыз жолға шыққаннан кейін 1 жарым сағат өткенде бала өзін жайсыз сезіне бастаған. Пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес әрекет етті. Нарын станциясына жедел жәрдем шақырылды. Медицина қызметкерлері баланың қайтыс болғанын тіркеді”, – делінген хабарламада.
Қайғылы оқиғаның себебі сараптама қорытындысынан кейін анықталады.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған