Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Аты аңызға айналған "Қыз әулие" еркек болып шықты

Аты аңызға айналған «Қыз Әулие» кесенесі туралы жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz өңірдегі тілшісі.

Қыз әулие

Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы XIV - XV ғасырлардың куәсі Абат-Байтақ кесенесін көпшілік жақсы біледі. Кесене жанында 200-ге жуық әртүрлі жазумен өрнектелген құлыптастар мен тарихы жұмбақ «Қыз әулие» деп аталатын бейіт те бар. Мұнда жасырылған сырларды оқу үшін Ақтөбе облысына Рымқұл Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғалымдары ат басын бұрды. 

Эпиграфикалық ескерткіш мұраларды зерттеп, жазуларды оқу барысында көптеген қызықты дерекке куә болған. Солардың бірі көпке «Қыз Әулие» атымен таныс кесенеге тікелей байланысты. Бұған дейін көпшілік бұл жерде әйел адамның мәйіті жерленген деп болжаған. Тіпті, кесене жанында бүгінгі үлгідегі Төре тұқымынан шыққан Рабиға Бегім деген есім жазып, белгі қойылған. Алайда, Шығыстану институының ғылыми қызметкері Бағдат Даниярұлы ол ақпараттың жалған екенін ашып айтты. Себебі, кесене жанындағы араб әріптерімен жазылған көне белгіде ер адамға тән деректер жазылған. 

Қыз әулие

«Бұл жерде 200-ге  жуық құлыптас бар. Олардың кейбірінің жанында қазақша атаулары жазылып, белгі қойылған. «Маған осындай аян берді» деп құлыптастың жанына ата тектерін көрсетіп, белгі қойған. Бірақ, олар қате ақпараттар. Мысалы, Қыз Әулие туралы ешқандай тарихи аңыз жоқ. Байқасаңыздар, жанына Рабиға Бегім деген белгі қойыпты. Алайда, біз көне жазуларды оқыған кезде барлық ақпарат ер адамды анықтап тұр. Әлі жазуларды оқудамыз. Талай қызықты ақпарат кездсеріне сенімдіміз»,- дейді Бағдат Даниярұлы. 

Кесене биіктігі 12 метр. Бейіті текшеленіп, күмбезделіп салынуына қарап қарапайым адам болмағаны анық. Бұған дейін халық бұл жерде өз заманында танымал көріпкел емші болған деп жорыған. Және, күні бүгінге дейін бала сүйе алмай жүрген әйелдер, дертіне шипа іздеген жандар «Қыз әулиенің» басына келіп түнеп, дұға етіп келеді екен. 

 

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр