Әтешті тірідей жемек болған мас спортшы оның айдарын тістеп жұлып алды (видео)
Тауықты тістеп алған француз командасының ойыншысы үлкен көлемде айыппұл төлейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Франциялық пелотари Биксант Ларральдтың тірі тауықты тістеп алған сәтте түсірілген видеосы жануарлар қорғаушыларының көзіне түсті. Видео маусым айында спортшының ағасы Аспарренедегі ойында жеңіске жеткеннен кейінгі отырыста түсірілген болуы мүмкін.
Қоғам да Ларральдың әрекетіне бей-жай қарай алмады. Оны демеушіден айырып, командадан қуу туралы MesOpinions сайтында жарияланған петицияға 29 мың адам қол қойды. Бриджит Бардо қоры өз кезегінде спортшы жазаланатындай жасайтынын жеткізді. Сондай-ақ, сотпен қудалату ісіне 30 Millions d’Amis ұйымы да қосылғалы отыр.
Ларральдтың айтуынша, «тауықты тістеген дұрыс емес және өз әрекеті қате» деп ойлайды. Францияда жануарларды қорлаған азаматтарға 30 мың еуро (12,4 млн теңге) көлемінде айыппұл салады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған