Қырғызстан: Атамбаевтың жақтастары арнайы жасақты басып алды, дабыл қағылды
Алмазбек Атамбаевтың жақтастары оның үйіне шабуыл жасаған арнайы күштерді басып алды, деп хабарлайды AКИpress.
Ондаған адамдар сарбаздар ұсталды деп жария салған. Олар сарбаздарға тиіспеуге шақырған. Арнайы жасақтың нақты саны белгісіз.
Бұл ретте ҰҚК Атамбаевтың жақтастары сарбаздарды басып алды деген ақпаратты еш негізге келмейтінін хабарлады.
Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет қазіргі уақытта арнайы операция жалғасуда екенін мәлімдеді.
Алайда, Ішкі істер министрлігі қызметкерлері министрлікке жиналып, дабыл жарияланды. Бұл туралы АКИpress хабарлады.
Сыртқа шығу жоспары құрылды. Қызмет басшысы жасақты дайындалуға, қалқан және каскамен жабдықталуға бұйрық берді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қақпасы арнайы темір қоршаумен қоршалды.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген