Атамбаевтың қызы: Менің әкем ешқайда қашқан жоқ
Қырғыз елінің экс-президенті Атамбаевтың қызы Әлия Шагиева әкесінің ешқайда қашпағанын және Қой-Ташеде екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біріншіден, менің әкем ешқайда қашып кетпеді. Оны ешкім ұстамады, бұл өтірік нәрсе. Ол әлі де Қой-Ташта", - деп жазды өзінің Instagram-парақшасында.
Сондай-ақ, ол саясатқа араласпайтынын да жаза кеткен.
"Қой-Ташта үйдің айналасында тікұшақтары ұшып жүр. Адамдарды байланыстан ажыратты деп күдіктеніп отырмын. Менің телефоным да біртүрлі байланыс жоғалып кетіп жатыр. Өз отбасы үшін және өз позициясын ұстанған адамдар үшін қатты қорқамын", - деп жазды экс-президенттің қызы.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық