"Теледидардағылар өтірік": Атамбаев өзіне жасалған шабуылда қару қолданғаны туралы
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев үйіне шабуыл жасаған арнаулы жасаққа қарсы оқ атқанын мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС сайтына сілтеме жасап.

«Менің жақтастарымда тіптен рогатка да болмады. Теледидардан айтылып жатқандар өтірік. Жігіттер үшінші қабатқа көтеріліп келе жатқанда оларға мен оқ аттым. Бірақ тигізбеуге тырыстым», – деді ол журналистерге.
Алмазбек Атамбаев Қырғызстанды 2011-2017 жылдары басқарған. Оған қарсы парламенттік тергеу жүріп жатыр. Нәтижелері шыққан соң, прокуратураға жіберіледі. Бұрынғы президенттің үстінен сыбайлас жемқорлық, кірісті жасыру және бандит топ мүшелеріне қару беру туралы қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.
Мұғалім ата-ананың мерекеге сыйлаған гүл мен массаж сертификатын қайтарып берген: Қазақстандықтардың пікірі екіге бөлінді
Ата-аналар мұғалімге гүл шоғы мен массаж сертификатын сыйлаған
Ойнап жүрген балалар қазақстандықтың қымбат iPhone-ын доппен теуіп сындырып алған: Өтемақы мәселесі жанжалға ұласты
Біреудің мүлкін сындырған баланың анасы ақысын төлеуден бас тартқан.