"Ата-енесін рэппен оятады": Әнші Yenlik ұзатылды
Жастар арасында Yenlik лақап атымен танымал Еңлік Құрарбек тұрмысқа шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әншінің ұзатылып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Еңлікті әнші Роза Әлқожа ұзатты.
“Еңлік сіңлім үш ай бұрын “мені өзіңіз ұзатасыз” деген еді Ақсуатта танысқанда. Алла сол күнге де жеткізді. Осы той үшін Қарағандыдан ұшып келдік”, – деп жазды Роза Әлқожа.

Отандық жас режиссер Қуаныш Бейсеков те тойдың құрметті қонағы болған.

Еңліктің таңдауы Таңатар есімді фотограф-оператор жігітке түскен.
Желі қолданушылары әншіге бақыт тілеп, жылы лебізін арнады.
“Қазақтың қарапайым қызы. Бағы ашылсын”, “Барған жеріңізге тастай батып, судай сіңіңіз”, “Бақытты болсын”, “Қазақ рэпінің анасы”, “Ата-енесін рэппен оятады", – деп пікір қалдырды желідегілер.
.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан