Ата-анасынан қорыққан: Қарағанды облысында бала асқазанындағы инемен екі күн жүрген
Қарағанды облысындағы Қаражал қаласында 10 жастағы бала ине жұтып қойған. Алайда ата-анасына айтуға қорыққан ол екі күн бойы ешкімге тіс жармаған. Дәрігерлер инені алып тастаған, қазір баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасында мәлімдегендей, бала ауруханаға 12 қаңтарда түскен. Ол қозғалыс кезінде асқазанының ауыратынын және асқазанында ине бар екенін айтқан.
Баланың әкесі оның екі күн бұрын ойнап отырып ине жұтып қойғанын жеткізген. Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде баланың ата-анасынан қорыққандықтан ешкімге тіс жармағаны жазылған.
Рентген асқазан-ішек жолында иненің тұрып қалғанын көрсеткен. Қауіпті затты дәрігерлер алып тастады, қазір баланың өміріне қауіп тұрған жоқ.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"