"Ата-анам туған күнімді тойлауға мән бермеген": Мәдина Сәдуақасова ұлының 10 жасын дүркіретіп атап өтті
Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова ұлы Әнуардың 10 жасқа толуын дүркіретіп тойлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina
Өнер иесі ұлының жекеменшік мерекесін футбол тематикасында жасаған.
“Өзім бала күнімде бір де бір туған күнімді атап өтпегенмін. Сол кезде солай қалыпты болды ма, әлде менің ата-анамда тірлік, жұмыс көп болған соң ондайға мән бермеген бе, білмеймін. "Өз баларыма өлтіріп жасаймын туған күндерін!" деп айтатынмын. Олжас екеуміз Әнуарға 10 жыл бойы "super birthday party" жасап келеміз! Әнуардың досы өте көп, өз туған күнінде барлығын көргісі келеді! Осы жолы досым Бүркіт пен Аиша, Айдай Исаева, Жанна Сабированың балалары да болды. Өте күшті party болды! Атмосфера. Кез келген шараны 100 пайыз әдемі қылатын келген қонақтар! Тілек те, сыйлықтар да, көңіл күй де керемет", – деп жазды әнші.
-
"Құны – 2 миллион теңге": Мадина Сәдуақасова жүзігін тыңдарманына сыйлады
-
"Көшу "не вариант": Мадина Сәдуақасова жер сілкінісінен кейінгі өмірінің қалай өзгергенін айтты
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің қуанышын бөлісіп жатыр.
“Уақыт – зымыран, кеше ғана дүниеге келіп еді”, “Енді бір қыз туып алыңыз”, “Керемет ұйымдастырылған туған күн болыпты”, “Өзінің аяғы ауыр сияқты”, “Үлкен жігіт болып өсе берсін”, “Алғашқы мерейтойы екен”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, "Алматыдағы жер сілкінісі шошытты" деп Мәдина Сәдуақасова Қызылорда қаласынан пәтер сатып алғанын жазған едік.