Асылан Мусиннің ұлы Асылбек кім еді және немен айналысқан
Асылбек Мусин көзі тірісінде діни ұстанымы үшін қоғам тарапынан талай мәрте сынға ұшыраған. Ол Сирияда білім алып, елде өзіме діни қоғамдық бірлестік құрған.

ҚР Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Ригада өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Асылбек Мусиннің өмірден озғандығын растаймыз. Ригадағы консул барлық мән-жайды анықтаумен айналысып жатыр», – деді ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Асылбек Мусин АҚШ-тың Бостон қаласындағы Масачусетс университетіне оқуға түскен. Бірақ, ол өзі түскен оқу орнын аяқтамайжатып, тастап кеткен. 2003-2005 жылдары Сирияда діни бағытта білім алған. Ол ағылшын және араб тілдерінде еркін сөйлеген.
Ашық ақпарат көзіне сүйенсек, Асылбек Мусин еліміздегі «құранит» ілімінің негізін қалаушы. Ол 2007 жылдан бері 70-80 мың адамнан тұратын «Ізгі амал» атты Қазақстан құраншыларының қоғамдық бірлестігін басқарып келген.
Аталмыш ұйым Қазақстан Мұсылсмандар діни басқармасы тарапынан қатал сынға ұшырап, діни секта ретінде танылды. Ал оған АҚШ және Ұлыбритания елдері демеушілік жасап отыр деген ақпарат та бар.

Асылбек- Қазақстан Республикасы президент әкімшілігінің экс-басшысы Аслан Мусиннің ұлы
Оқи отырыңыз:
Астана тұрғыны мысықты үш марғауымен бірге 5-қабаттан лақтырып жіберді
Ақша беріп, қыздарды шешіндірген атышулы Байзақова қамауға алынды
2017 жылы қазақ қоғамы кімдерден айырылды?
Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ тоқтатылды
Астана мен Жезқазғандағы әрқайсысының құны 15 млн теңге болатын жылы аялдамалар орнатылмақ