Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғыны мысықты үш марғауымен бірге 5-қабаттан лақтырып жіберді

Ер адам мысықты үш марғауымен бірге пакетке салып бесінші қабаттан лақтырып жіберген. Үй жануарына қатігездік танытқан Астана тұрғынына айыппұл салынды.

Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Ол мұндай әрекетке еріккендіктен барған. Жануарларға қатігездік танытқан азаматқа 56 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ақырында үй жануарлары жарым жан болып қалыпты.

Іс Астанадағы №2 Алматы аудандық сотында қаралды. Ер адам жануарларға қатігездік танытқаны үшін айыпты деп танылып, 25 АЕК немесе 56 мың 725 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Үкім заңдық күшіне енді.

Жіберіп алмаңыз:

Түркістанда танымал судья қамауға алынды

СҚО-да немересін тірідей өртеген кейуана ұзақ мерзімге сотталды

Ақша беріп, қыздарды шешіндірген атышулы Байзақова қамауға алынды

Қазақстанда Жаңа жылға орай қосымша пойыздар қатынайды

Stan.kz
Сейсенбі, 26 Желтоқсан, 2017 22:16