Асу Алмабаев UFC-дің ең үздік турнирінде сынға түседі
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC тұжырымындағы ең үздік турнирлердің бірі саналатын 299 кешінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Асу Алмабаевтың инстапарақшасынан
Асу Алмабаев UFC тұжырымындағы екінші жекпе-жегін жылдың ең үздік турнирі саналатын UFC 299 турнирінде өткізеді. "Зүлфикар” лақап атымен танылған спортшы 10 наурызда Майамиде өтетін турнирде америкалық Си Джей Вергараға (12-4-1) қарсы жұдырықтасады. Бұл турнирде Петр Ян, Дастин Порье, Гилберт Бернс, Шон О, Моллей сынды атақты спортшылар өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Асу Алмабаев шаршы алаңда 20 жекпе-жек өткізіп, 18-інде жеңіске жетсе, 2 рет қарсыласына есе жіберген. Ол UFC-дегі дебюттік кездесуін 2023 жылдың тамызында өткізіп, Оди Осборнды 2 раундта жеңген еді.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды

