Астрономдар Жерге жақындап келе жатқан астероидты анықтады
2022 SE37 деген атау алған астероидты бірден бірнеше обсерватория байқаған. Аспан денесінің диаметрі 500 метрге жуық деп есептелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кей деректерде астероидтың 28 қыркүйекте ашылғаны айтылса, кей ғалымдар жаңа аспан денесін тек 1 қазанда байқаған.
Астероид Аполлон тобына жатады. Ал Күнді 1 261 тәулікте немесе 3,44 жылда айналып шығады. Сонымен қатар ең Күннен ең алыс қашықтығы 563 миллион шақырым болса, ең жақын қашықтық 120 миллион шақырым болады.
Ғалымдардың сөзінше, әзірге астероид Жерге ешқандай қауіп төндіріп тұрған жоқ.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"